Басты жаңалықҚоғам
24 қазаннан бастап жаппай сырғанау басталады

⛸️ Астанадағы «Алау» мұз сарайында 24 қазаннан бастап жаппай сырғанау басталады
Мұзды, конькиді және бейтаныс адамдардың көзінше құлап қалудың «қызығын» сағынғандарға жақсы жаңалық!
24 қазаннан бастап «Алау» мұз сарайында қайтадан коньки теуіп, өткен қыстан қалған дағдыларыңызды тексере аласыз. Ал болмаса, мұз айдынының жиегінен әдемі ұстап жүру қабілетіңізді шыңдауға болады.
Сырғанау уақыты, кестесі мен бағасын @alauicepalace парақшасынан білуге болады.
Конькилерді дайындап, достарыңызды шақырыңыздар!



