Басты жаңалықҚоғам

Ет пен қымызға толы жәрмеңкеден қалып қоймаңыз!

17–18 қазанда Астанада Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарының қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Елорда тұрғындары ет, сүт өнімдері, көкөніс, бал және басқа да азық-түлік түрлерін  сатып ала алады.

Жәрмеңкеге үш өңірден 1600 тоннадан астам өнім жеткізіледі. Сауда сөрелерінен ет пен ет өнімдерін, сүт өнімдерін, көкөністерді, жұмыртқаны, балықты, балды және басқа да күнделікті тұтынатын тауарларды табуға болады. Қымыз бен өзге де ұлттық сусындар ұсынылса, жәрмеңкенің дәмі тіпті кіре түспек.

Қай өңірден қанша өнім келеді?

Павлодар облысының шаруалары 110 тонна ет және ет өнімдерін, 440 тонна көкөніс, 17 тонна сүт өнімдерін, 24 тонна бакалея тауарларын, 14 тонна балық, 10 тонна бал және 100 мың дана тауық жұмыртқасын жеткізеді.

Солтүстік Қазақстан облысынан 1000 тоннадан астам азық-түлік әкелінеді. Оның ішінде 110 тонна ет пен ет өнімдері, 400 тоннадан астам көкөніс, 180 тоннадан астам сүт өнімдері, 80 тоннадан астам бакалея тауарлары, 5 тонна балық, 10 тонна бал және 240 мың дана жұмыртқа бар.

Ал Ұлытау облысының тауар өндірушілері 60 тонна ет және ет өнімдерін, 20 тонна сүт өнімдерін және басқа да азық-түлік тауарларын ұсынады.

Жәрмеңкенің басты артықшылығы – қолжетімді баға. Тұрғындар қажетті азық-түлікті делдалсыз, тікелей шаруалардың өзінен сатып ала алады. Бұл – дастарқанға сапалы отандық өнім қойып, азық-түлік қорын тиімді бағамен толықтыруға мүмкіндік.

Басқа жаңалықтар

Back to top button