ҚоғамТехнология
Енді 1414 денсаулығыңызды анаңыздан да жиі сұрап тұрады

Енді 1414 денсаулығыңызды анаңыздан да жиі сұрап тұрады.
Қазақстанда SMS-хабарламалардың жаңа түрлері іске қосылады. 19 қазаннан бастап үш өңірдің тұрғындарына скринингтен өту қажеттігі туралы ескерту жіберіледі. Ал 26 қазаннан бастап еліміздің барлық өңірінде тіркелген екпелер туралы хабарламалар таратылады.
Егер сізге өзіңіз алмаған екпе туралы хабарлама келсе, оған SMS арқылы жауап беруге болады. Ақпарат тексеруге жіберіледі.
Ал 1 желтоқсаннан бастап цифрлық бақылау тағы 736 медициналық қызмет түрін қамтиды. Бұл құжаттарда шын мәнінде көрсетілмеген медициналық қызметтердің тіркелуіне жол бермеу үшін қажет.
Қысқасы, 1414 біртіндеп қамқор анаға айналып барады: «Дәрігерге бар, екпеңді тексер. Кейін ескертпедің деме!»



