Спорт

Астаналық паражүзушілер Нагоядағы Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында Қазақстанның паражүзуден ұлттық құрамасы 4×50 метрге кешенді жүзуден аралас эстафетада күміс медаль жеңіп алды. Құрама сапында Астананың екі спортшысы өнер көрсетті.

Финалдық жарыста қазақстандық спортшылар 2 минут 54,22 секунд нәтиже көрсетіп, екінші орынға ие болды. Ал Қытай құрамасы 2 минут 32,23 секунд нәтижемен алтын медаль иеленсе, Таиланд спортшылары 3 минут 8,20 секундпен үздік үштікті түйіндеді.

Қазақстан құрамасы сапында елордалық Әли Тұрғанбеков пен Сиязбек Дәлиев өнер көрсетіп, ұлттық құраманың жүлде қоржынына үлес қосты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button