Басты жаңалықСаясат
Астаналық Евгений Кочетов Президент Әкімшілігінің коммуникациялар бөлімі меңгерушісі болып тағайындалды

Евгений Кочетов Президент Әкімшілігінің коммуникациялар бөлімі меңгерушісі болып тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Евгений Кочетов Президент Әкімшілігінің коммуникациялар бөлімі меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
Бұған дейін ол мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметін атқарған. Кочетов бұл лауазымға 2023 жылдың ақпанында тағайындалған. Алғашында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде, кейін ведомство қайта ұйымдастырылған соң Мәдениет және ақпарат министрлігінде жұмыс істеді.
Евгений Кочетов 38 жаста. Ол Астана қаласында дүниеге келген.



