ДенсаулықҚоғам

Зейнеткерлерге бір жерде заңгерлік және медициналық кеңес берілді

⚖️ Зейнеткерлерге бір жерде заңгерлік және медициналық кеңес берілді

Астанадағы Сарыарқа ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара аясында зейнеткерлерге тегін заңгерлік және медициналық кеңестер ұсынылды.

Қабылдауға нотариус, адвокат, заң консультанты, жеке сот орындаушысы және медицина мамандары қатысты. Қатысушылар құқықтық мәселелер бойынша кеңес алып, денсаулықты сақтау жөнінде де пайдалы ақпаратқа қол жеткізді.

Іс-шара «Заң мен тәртіп» нарративі аясында өтті. Мамандарды бір жерге жинаудың мақсаты – аға буын өкілдеріне қажетті кеңесті бірден алып, бірнеше мекемені аралап жүрмеуге мүмкіндік беру.

Басқа жаңалықтар

Back to top button