Қоғам

Астана — Қарағанды тасжолында жазғы дөңгелекпен жүруге тыйым салынды

 

23 қазан күні сағат 06:30-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты «Астана — Қарағанды — Алматы» тасжолының бір бөлігінде жазғы шиналармен жүретін барлық көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Шектеу 92–164-шақырым аралығында, Ақмола облысының шекарасынан Теміртау ақылы жол төлем пунктіне дейінгі учаскеде қолданылады.

Жол қозғалысын 23 қазан күні сағат 10:00-де қайта ашу жоспарланған.

Толық ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығынан білуге болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button