ДенсаулықҚоғам

Қазақстандықтар емханаға Kaspi.kz қосымшасы арқылы тіркеле алады

 

Қазақстандықтар тегін медициналық қызмет алу үшін медициналық ұйымды өздері таңдай алады. Жыл сайын бұл мүмкіндікті миллиондаған азамат пайдаланады. Енді емханаға тіркелуді Kaspi.kz қосымшасы арқылы жылдам әрі оңай рәсімдеуге болады.

Kaspi.kz компаниясының басшысы әрі негізін қалаушы Михаил Ломтадзе жаңа сервистің іске қосылуына қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, компания мемлекеттік органдармен бірлесіп, азаматтардың күнделікті мәселелерін оңай шешуге көмектесетін цифрлық сервистерді дамытып келеді. Қосымша арқылы тұрғылықты жер бойынша тіркелуге, мемлекеттік жәрдемақылар мен зейнетақыларды рәсімдеуге, баланың тууын тіркеуге, көлікті қайта рәсімдеуге және түрлі анықтамалар алуға болады. Енді медициналық ұйымға тіркелу қызметі де қолжетімді.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспановтың айтуынша, жаңа сервис медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға және цифрлық денсаулық сақтау жүйесін дамытуға бағытталған.

Жоба Денсаулық сақтау министрлігі, Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Kaspi.kz компаниясының бірлескен жұмысы аясында жүзеге асырылды.

Қызметті қалай пайдалануға болады?

Kaspi.kz қосымшасындағы «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде азаматтар:

  • Қай медициналық ұйымға тіркелгенін біле алады;
  • МӘМС жүйесіндегі мәртебесін тексере алады;
  • Жаңа емхана мен емдеуші дәрігерді таңдай алады.

Әр азамат тек бір медициналық ұйымға тіркеле алады. Таңдауға болатын медициналық ұйымдардың тізімін мемлекеттік органдар айқындайды.

Тегін медициналық көмекке кепілдік берілген көлем (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында қызмет көрсетіледі.

Жаңа сервис туралы толығырақ ақпаратты Kaspi Гидтен білуге болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button