Басты жаңалықСаясатТехнология
Президент NVIDIA басшысына I дәрежелі «Достық» орденін табыстады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Дженсен Хуангты елде жасанды интеллектіні дамытуға қосқан үлесі үшін I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Ақордада өткен кездесуде Хуанг Қазақстанды әлемдік Physical AI (физикалық жасанды интеллект) хабына айналдыруды ұсынды. Сондай-ақ ол «Қазақтелеком», Firebird AI KZ және Higgsfield компанияларымен әріптестік орнатылғанын атап өтті.



