Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол арқылы жүк тасымалдау көлемі артып келеді. 2026 жылдың қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша екі ел арасындағы жүк тасымалы 31,8 миллион тоннаны құрады.
ҚР Көлік министрлігінің мәліметінше, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8 пайызға жоғары. 2025 жылдың алғашқы он айында тасымал көлемі 29,4 миллион тонна болған.
Осы кезеңде Қытайдан Қазақстанға 12,1 миллион тонна жүк жеткізілген. Оның ішінде Достық станциясы арқылы 5 миллион тонна жүк тасымалданып, өсім 13 пайызды құрады. Ал Алтынкөл станциясы арқылы жеткізілген жүк көлемі 7,1 миллион тоннаға жетіп, 6 пайызға артқан.
Қазақстаннан Қытайға кері бағытта 19,7 миллион тонна жүк жөнелтілді. Бұл былтырғы көрсеткіштен 8 пайызға жоғары.
Мамандар тасымал көлемінің өсуін екі ел арасындағы көлік-логистикалық байланыстың нығаюымен байланыстырады.



