Астанада бүгін антитеррорлық оқу-жаттығу өтіп жатыр
13 қарашада Астанада жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығу ұйымдастырылады.
Елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың мәліметінше, оқу-жаттығу сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Қарқаралы тасжолы, 15 мекенжайында орналасқан Қазақ ұлттық спорт университетінің аумағында өтеді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – құқық қорғау және арнайы қызмет органдарының терроризм қаупіне жедел әрекет етуге дайындығын тексеру.
Оқу-жаттығу кезінде аталған аумақта жаяу жүргіншілер мен автокөлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.
Жедел штаб тұрғындар мен қала қонақтарын жағдайға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік талаптарын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырды.
Сондай-ақ азаматтарға тек ресми ақпарат көздеріне сеніп, жалған ақпарат таратпау ескертілді.



