Қоғам
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа тәртібі бекітілді
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі жаңартылады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы өзгерістер мемлекеттік қолдауды шын мәнінде мұқтаж отбасыларға бағыттауға арналған.
12 қарашада жарияланған мәліметке сәйкес, жаңа тәртіп бойынша әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде отбасының табысы мен әлеуметтік жағдайына қатысты талаптар ескеріледі. Кейбір азаматтардың төлем алу құқығы қайта қаралуы мүмкін.
Сонымен қатар 2027 жылдан бастап мемлекеттік көмекті неғұрлым мұқтаж азаматтарға бағыттауға арналған пилоттық жоба іске қосылады.
Бұл бастаманың негізгі мақсаты – әлеуметтік көмектің тиімділігін арттыру, мемлекеттік қаражаттың мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету және азаматтардың еңбекке орналасуына ынталандыру.



