Денсаулық

Астанада тұмау мен ЖРВИ өршіп тұр. Енді не істейміз?

Green clinic медицина орталығының бөлім меңгерушусі, жоғары санатты жалпы тәжірбелік дәрігер, Жазира Қыдырбаева тұмау мен ЖРВИ дан қалай сақтануға болатынын және оның алғашқы белгілері біліне бастағанда не істеу керектігін сұрап білдік.

Дәрігердің айтуынша биыл расымен былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ЖРВИ (жұқпалы респираторлық вирусты инфекция) мен тұмау жұқтырғандар саны көп. Және жыл сайын вирустың түрі көбейіп, жаңарып отырады. Оны біз микс вирустар дейміз.  Олардың түрін ажыратып, дұрыс ем тағайындау үшін міндетті түрде дәрігерге тесерілу керек. Емханаларда фильтр кабинеттер жұмыс істейді, ал кішкентай сәбилерге дәрігерді үйге шақырасыз.

Балаларда дене қызуы көтеріліп оны дәрі беріп түсірсеңіз де екі сағатқа жетпей қайта-қайта көтерілсе, яғни температура түспесе, бала құсып, іші өтсе жедел жәрдем шақырасыз. Бұл бактериялық инфекцияның белгісі.  Негізі дене қызуы 38,5 С көтерілгенде ғана қызуды түсіретін дәрі қабылдау керек. Бірақ неврологиялық аурулары бар, ДЦП мен ауыратын немесе қосымша аурулармен есепте тұратын балалардың дене қызуын мұқият бақылау керек. Яғни, дене қызуы 37 С  болса бірден дәрі беру керек. Себебі температура кезінде ми зақымдалады. Егер баланың қызуы көтеріліп тырысу (судорги) белгісі байқалса 103 ке хабарласып бригада келгенше баланы бір қырымен жатқызу керек. Тырысу кезінде баланың аузына қасық, орамал салуға болмайды.

ЖРВИ мен тұмау кезінде не істеу керек? Және ем кезінде жасалатын қателіктер тізбегі төмендегідей:

  • Иммунитетті көтеру үшін С дәрумені, цинк және Д дәрумені өте пайдалы;
  • Науқастың тамағы қызарып тұрса бірден қақырып түсіретін, қақырық сұйылтатын шәрбат беруге болмайды, әсіресе 2 жасқа дейінгі балаларға;
  • Тамақ қызарса оны тек жиі-жиі құрғатпай тұзды сумен шаю керек, арнайы қабынуға қарсы спрейлер қолдануға болады;
  • Антибиотикті тек дәрігер тағайындайды. Ол тек бактериалды инфекциямен күреседі;
  • ЖРВИ кезінде вирусты өлтіру үшін ауыз қуысы мен мұрын қуысын жиі тұзды сумен шайып, жылы сұйықтықты көбірек ішу керек;
  • Жылы су, сұйықтық вируспен күресетін ең тиімді әрі тегін ем;
  • «Немисил» дәрілік препараты тек ауырсыну сезімін басады, бірақ ол вирус пен бактерияны өлтірмейді, емдемейді;
  • ЖРВИ кезінде моншаға барып қыздырынуға болмайды, ауыз қуысындағы вирус төменге, өкпеге түсіп пневоманияға айналуы мүмкін;
  • Ингаляция үйде бар деп оңды солды пайдалануға болмайды. Дәрігер өкпені тыңдап ауру түрін анықтаған соң, рұқсат берсе пайдалануға болады.

Сонымен дәрігер ауырмаудың екі жолын айтты. Біріншісі жасанды жол – ол  күзде тұмауға қарсы екпе алу. Және табиғи жол иммунитетті көтеу, ол – дұрыс тамақтану, уақытында ұйықтау және көбірек қимылдау, таза ауада серуендеу.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button