Астанада ЖРВИ мен тұмаудың күшейуіне байланысты шектеулер күшейтілді

Астана қаласының бас санитар дәрігері Айгүл Шағалтаева ЖРВИ (жіті респираторлық вирустық инфекциялар) мен тұмаудың өсуіне байланысты профилактикалық іс-шараларды күшейту тураулы қаулы қабылдады.
Ресми деректерге сай Астанада соңғы аптада 23 мыңнан аса науқас ЖРВИ жұқтырған. Бұл алдыңға аптадан 1,5 есе көп. 14 жасқа дейінгі балалалар арасында сырқаттанушылар 60% құрады. Осыған орай мектептердегі кей сыныптар қашықтан оқыту режиміне көшірілді. Егер бір сыныпта оқушылардың 30 % дан көбі ЖРВИ мен ауырса ол сынып қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.
Науқастардың көбеюіне байланысты емханаларда қосымша қабылдау кабинеттері ашылып жұмыс уақыты 20.00 ге дейін ұзартылды. Ал қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында науқастарға қосымша орындар қосылды.



