Денсаулық

Бүгін — халықаралық темекі шегуден бас тарту күні

Қарашаның үшінші бейсенбісінде Халықаралық темекі шегуден бас тарту күні атап өтіледі. Әлемнің әр түрлі елдерінде темекі шегуге қарсы дәрістер мен акциялар ұйымдастырылады, ал темекі шегушілерге зиянды әдеттен кем дегенде бір күн бас тарту ұсынылады.

Ресми деректерге сай елімізде шылым шегетіндердің саны 3 миллионға жуық. Темекі шегудің зияны мен кері әсері туралы фтизиатр дәрігер, Нұрлан Зекешовтан сұрап білдік.

  • Темекі шегудің ағзаға қалай әсіре етеді, ол тек өкпені зақымдай ма?

Шылым шеккен кезде улы түтін ең алдымен тыныс алу жолдарын зақымдайды, атап айтқанда көмей, кеңірдек, бронх, өкпе, альвиолалар. Сонымен бірге ауыз қуысын, тістің сарғайып эмаль қабатының әлсіреуіне әкеп соғады. Көз, тері, бүйрек пен жүрек қан-тамыр мүшелерені де кері әсерін тигізеді. Темекі құрамындағы никотин жүйке жүйесіне әсер етеді. Соның нәтижесінде жүрек соғысы жиілеп, қан-тамырлар тарылады, ағзада адреналин бөлінеді. Әсерінен қан қысымы көтеріледі, тершеңдік пайда болады. Нәтижесінде ол инфаркт, инсультке де әкелу мүмкін. Ал енді темекінің теріге қандай қатысы бар десеңіз темекі түтіні терінің тез қартаюына әсер етеді.

  • Темекі құрамында никотиннен басқа қандай улы заттар бар?

Темекінің құрамында никотиннен бөлек 4000 ға жуық химиялық қосындылар бар. Мысалы: кадмий, шайыр, дәм, иіс беретін химиялық ароматизаторлар бар. Бұлардың барлығы ағзаны улау процессіне қатысады.

  • Темекіден бас тартқан соң өкпе бұрынғы қалпына келе ме?

Егер темекіні бірнеше жыл шеккен адам, өкпесінде өзгерістер болса, атап айтсақ эмфизема, созылмалы өкпенің абструктивті аурулары (ХОБЛ)  өкпенің тіні қалпына келмейді. Егер темекіні аз уақыт шеккен адам болсаа онда бірнеше аурулардың алдын алу мүмкіндігі жоғарлайды. Дегенмен бас тартқан соң өкпенің сыйымдылығы ұлғаяды, тыныс жиілігі азаяды.

  • Қазір электронды шылым, кальян шегетіндер көп, оның әсері қандай?

Олардың құрамында да никотин бар. Олардың зияны темекіден аз деп айтуға болмайды. Кальянның құрамында ұшқыш альдегиттер, ауыр металлдар, хром, дәм, иіс беруші қоспалар көп. Электронды темекілер отпен тұтанбаса да қызған кезде еріп, аэрозоль күйінде концерегенді улы заттар бөліп ағзаны улайды.

  • Темекіні ара-тұра шегетіндер өздерін күнде шекпеймін зиян емес деп жұбатады, бұл қаншалықты рас?

Темекіні ара-тұра шегетіндер болсын, мүлде темекі шекпейтіндер шылым шегетіндердің жанында тұрып ақ улы никотинді жұтады. Оларға да зияны бар.

  • Шылымды тастаудың тиімді тәсілдер бар ма?

Тәуелділіктен түбегейлі арылу үшін нарколог дәрігерлерден ем алу керек. Арнайы дәрі-дәрмектер, никотинге тәуелдлікті алмастыратын сағыздар қолданыста бар. Ал енді темекі тастаудың ең тиімді әрі тегін жолы — адамның өз ерік жігері.

Фтизиатр дәрігер, Нұрлан Зекешовтың айтуынша елімізде өкпе обырына шалдыққан науқастардың 90%- ы ұзақ жылдар темекі шеккен жандар. Ал Қазақстанда өкпе обыры рак аурулары ішінде көш бастап тұр. Демек зиян әдеттен бас тарту сіздің ұзақ өмір сүруіңізге кепілдік беретінін сеніммен айтуға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button