Денсаулық

11 түрлі анализді жеңілдікпен тапсыруға болады

Қараша айының соңына дейін КДЛ «Олимп» зертханасы шаш пен тырнақ денсаулығына жауап беретін негізгі көрсеткіштерді тексеруге арналған талдауларға жеңілдік пакетін ұсынуда. Әдетте жеке тапсырғанда 40 000 теңгеден жоғары тұратын талдамалар жиынтығы қазір 26 000 теңге.

Бұл 11 талдаудан тұратын «Шаш пен тері» пакеті шаштың түсуі, тырнақтың сынуы, терінің құрғауы, жалпы әлсіздік сияқты белгілердің себебін дәл анықтауға көмектеседі. Және оның құрамына мына маңызды талдаулар кіреді:

• D дәрумені — ағзадағы D дәрумені деңгейін анықтайды. D жеткіліксіз болса, кальцийдің сіңірілуі баяулайды, нәтижесінде тырнақ әлсіз болады, шаш жұқарып, сынғыш келеді.

* жалпы Кальций шаш, тырнақ және тіс саулығы үшін негізгі микроэлемент. Оның жетіспеушілігі құрылымдық өзгерістерге әкелуі мүмкін.

• B12 тобы дәрумендерінің деңгеңгейі төмендегенде анемия, шаш түсуі, бас терісінің құрғауы, қышыну, қайызғақ пайда болуы мүмкін.

* Фолий қышқылы (В9 дәрумені) қан түзу жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне жауап береді. Жасушалардың бөлінуіне қатысады, оның ішінде шаш фолликулдарының да.

* Ферритин — ағзадағы темір қорының ең дәл көрсеткіші. Төмен ферритин әдетте шаш түсуінің жиі кездесетін себебі.

* Темір гемоглобин түзілуіне қажет. Дефицит кезінде ағза әлсірейді, шаш түсіп тырнақ сынады.

* ТТГ (қалқанша без гормоны) гипотиреоздың негізгі маркері. Қалқанша бездің бұзылуы шаштың түсуіне кері әсер етуі мүмкін.

* ОАК/ЖҚТ (жалпы қан талдауы) ағзаның жалпы жағдайын скринингтік бағалау үшін қажет.

* С-реактивті белок (СРБ)
Созылмалы немесе жедел қабынулардың белгілерін анықтайды. Қабынған жағдайда шаш пен тырнақ әлсіреуі мүмкін.

* Кортизол — стресс гормоны. Күйзелістің салдары — шаштың түсуі, соның ішінде алопеция.

* ДГЭА
Гормоналды тепе-теңдікті бағалайды. Оның жоғары көрсеткіштері әйелдерде қажетсіз түктердің өсуіне (гирсутизм) себеп болуы мүмкін.

Бұл талдамалар мына жағдайларда ерекше пайдалы:
— шаштың шамадан тыс түсуі;
— тырнақтардың сынғыштығы;
— гормоналды өзгерістер;
— созылмалы шаршау, стресс;
— диетада жүрген немесе босанған әйелдер.

Жеңілдік қашанға дейін созылады?

Арнайы ұсыныс қараша айының соңына дейін ғана жарамды. Шаш пен тырнақ проблемаларының себебін анықтап, уақытында ем бастау үшін таптырмас мүмкіндік.

Сондай-ақ дәл осыған ұқсас “Әдемі тері” деген жеңілдік жинағы да бар. Бағасы және талдау түрлері сай келсе мұны да пайдалада аласыз.
Бағасы 28 980 теңге орнына 18 800 тг.

Толығырақ @kdlolymp инста-парақшасынан оқып, таныса аласыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button