Денсаулық

Астанада Орталық Азиядағы ең ірі медициналық GlobalMedKz 2025 көрмесі өтуде

27-28 қараша аралығында “EXPO” халықаралық көрме орталығында өтіп жатқан шара өңірдің медицина саласындағы ең мықты мамандарын, компанияларын және денсаулық сақтау ұйымдарын бір алаңға жинап,
жаңа технологиялар мен трендтерді таныстыруда.

Көрме бірнеше негізгі бағытты қамтиды: медициналық техника мен жаңа технологиялар, фармацевтика, эстетикалық медицина, медициналық туризм, wellness және сауықтыру индустриясы, сондай-ақ медицинаға арналған IT-шешімдер мен маркетингтік сервистер. Сонымен қатар, материалдар, компоненттер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың кең таңдауы ұсынылып, саладағы толық экожүйе бір жерде көрініс табуда.

Көрме қатысушылары жаңа медициналық жабдықтар мен инновациялық шешімдерді ұсынады, шетелдік және отандық клиникалармен серіктестік орнатуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, бағдарламаның ішінде
тәжірибелі сарапшылар өткізетін шеберлік сабақтары мен семинарлар бар — қатысушылар соңғы тенденциялар мен заманауи әдістерді тікелей мамандардан біле алады.

GlobalMedKz 2025 — денсаулық сақтау саласындағы жаңалықтарды көремін, кәсіби байланыс орнатамын немесе өз жобасын таныстырғым келеді деген барлық мамандар үшін таптырмас платформа.

Басқа жаңалықтар

Back to top button