Бұл демалыста қайда барамыз?

Демалыста көңілді шараларға барып, қала өмірін сезінгіңіз келсе осы апта соңы өтетін шаралармен таныс болыңыз.
1. Ернар Амандықтың жеке ән кеші: “Baribir”, “Meni kut”, “Senen kein”, “Keipker” атты авторлық әндерімен танымал жас әнші алғашқы жеке шығармашылық кешін өткізуде.
Билет бағасы 10 000 теңгеден басталады. Kino.kz сайтынан ала аласыз.
Уақыты: 30.11-1.12.2025 сағат 20:00
Мекенжайы: Конгресс центр.
2. ГАЛА-ОПЕРА
Екі бөлімнен тұратын жарқын бағдарлама бір сахнада біріктіріп, сізді ерекше музыкалық саяхатқа шақырады: театрдың солистері, хоры және симфониялық оркестрі өнер көрсетеді. Дирижерлік тізгінді ұстағандар: Қазақстанның Ерболат Ахмедьяров, Италиялық дирижер Джузеппе Акуавива
Билет бағасы 3 000 тенгеден бастап
Уақыты: 29 қараша 18:00
Мекенжайы: Astana Opera
3. Тоқтар Серіктің үлкен шығармашылық кеші. Сізді сүйікті және танымал әндері: лирикалық композициялар, ұлттық мотивтер және көптен бері тыңдармандар сүйіп тыңдайтын хиттер күтеді.
Билет бағасы 5 000 тенгеден бастап, ticketon.kz сайтынан ала аласыз.
Уақыты: 30 қараша 20:00
Мекенжайы: Qazaqconcert
4. Cтендап сүйер қауымға Руслан Тай, Тілеген Еркінбек, Мақсат Мәдәлінің біріккен стендап кеші болады.
Билет бағасы 7 000 тенгеден басталады, Sxodim.com сайтынан ала аласыз.
Уақыты: 29 қараша 19:00
Мекенжайы: Wien Bar



