Басты жаңалық
Аида Балаева жаңа қызметке тағайындалды

1 желтоқсанда Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Аида Балаеваның Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі қызметіне тағайындалуына келісім берілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойып, 51 жастағы саясаткерді жаңа лауазымына ресми түрде бекітті.
Осылайша, Аида Балаева Мәдениет және ақпарат министрі қызметін Премьер-Министрдің орынбасары лауазымымен қатар атқаратын болады.



