Денсаулық

ЖРВИ мен тұмау өршіп тұр

Елордада жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) мен тұмау ауруларының маусымдық өсімі байқалады.

Дәрігерлер тұрғындарды профилактикалық шараларды қатаң сақтауға шақырады: адам көп жиналатын жерлерде маска тағу, қолды жиі жуу, үй-жайларды желдету, вирустың таралуы өсу кезеңінде көпшілік орындарға барудан бас тарту. Алғашқы белгілер пайда болғанда, өзін-өзі емдеумен айналыспай, емханаға немесе сүзгі-кабинеттерге барып дұрыс ем әдісін қолданған жөн.

Учаскелік дәрігерге немесе сүзгі-кабинетке уақытылы жүгіну асқынудың алдын алуға және стационарларға түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Балалардың денсаулығына жауапкершілікпен қарау – қазіргі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырудың маңызды бөлігі. Сондықтан ата-аналар балаларынан тұмау мен ЖРВИ дің белгілерін байқаса бірден дәрігерге жүгінгені жөн.

Басқа жаңалықтар

Back to top button