Басты жаңалық
Қаланы жаңа жылдық безендіруге екі есе аз бюджет бөлінді

Астана биыл Жаңа жылдық безендіруге былтырғыдан екі есе аз қаржы бөледі. Өткен жылы 696 млн теңге жұмсалса, биыл бұл мақсатқа 365 млн теңге қарастырылған.
Қаланың мерекелік келбетін қалыптастыру үшін қаражат аудандардың акиматтары тарапынан бөлінді:
- Байқоңыр, Сарайшык, Сарыарқа және Алматы аудандары – 50 млн теңгеден;
- Есіл ауданы – 90 млн теңге;
- Нұра ауданы – 75 млн теңге.
Безендіру элементтерінің бір бөлігін демеушілер қамтамасыз етеді. Өткен жылдан қалған гирляндалар мен инсталляциялар қайта қолданылып, шығындар айтарлықтай қысқартылады.
Қала тұрғындары мен қонақтарына акиматтың балансына кіретін мұз айдындары, сырғанақтар, фотозоналар мен шыршалар дайындалып жатыр. Үнемділікке қарамастан, Астана жылы әрі мерекелік атмосфера ұсынбақ.



