Спорт

Садақ атудан тұңғыш рет ел чемпионаты өтуде

Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ересектер мен жастар арасында садақ атудан Қазақстанның алғашқы қысқы чемпионаты басталды. Жарыс 1–5 желтоқсан аралығында өтіп, еліміздің 12 өңірінен 300-ден астам спортшы бақ сынайды. Олардың қатарында Олимпиада, Азия ойындары мен әлемдік жарыстардың жүлдегерлері бар.

Салтанатты ашылу рәсімінде ҚР Туризм және спорт министрлігі өкілдері, Қазақстанның ұлттық садақ ату федерациясы және Астана қаласы спорт басқармасы құттықтау тілектерін жеткізді. Федерация президенті Азамат Усимбеков биылғы жыл федерация үшін тарихи жетістіктерге толы болғанын атап өтті.

Чемпионатта жекелей, командалық және аралас жұптық сайыстар бойынша 20 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қысқы маусымда спортшылар 18 метр қашықтықтан нысана көздейді. Бұған дейін қысқы чемпионаттар Шымкент пен Теміртауда ұйымдастырылған болса, биыл алғаш рет елордада өтуде.

Қазақстан чемпионатында спортшылар жеке, аралас жұптық, командалық сайыс түрлерінде жүлдегелерді анықтайды. Финалдық кездесулер 5 желтоқсанда өтеді.

Кіру тегін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button