Спорт
«Артем» базарының сатушысы MMA чемпионы

Астаналық Бекжан Абылқасым ММА чемпионы атағын жеңіп алды.
«Астаналық» базарда телефон аксессуарларын сататын Бекжан Абылқасым Алматыда өткен Naiza 78 турнирінен супержеңіл салмақтың чемпионы атанды. Кәсіби карьерасында ол осымен 6 рет жеңіске жетіп жаңа «уақытша» чемпион атағына ие болды.
Оны базардағы әріптестері салтанатпен қарсы алып, жеңісімен құттықтады. Желі қолданушылар да жаңа чемпионға жақсы тілектерін жаудыруда.



