Спорт
Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты қайта оралды
Астанада «Алатау» спорт сарайында ауыр атлетикадан ел чемпионаты өтуде.
1-7 желтоқсан аралығында өтетін бәсекеге еліміздің 17 өңірінен 177 спортшы бас қосып, жүлделі орындарға таласады.
3 жыл бойы ұымдастырылмаған дода биыл қайта жанданды. 2022 жылдан кейін Астана қаласы ауыр атлетикадан қайтадан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатын ұйымдастырып жатыр. Спортшылардың құрамы да өте мықты. Шын мықтылар жеңіске жетіп, 2026 жылы спортшылар Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарында ел намысып абыроймен қорғайды.
Қазақстан чемпионатында жекелей жаттығулар бойынша 54 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Спорт сүйер қауым үшін кіру тегін.



