Спорт
Уролог-андролог киокушинкай-кан каратэден әлем чемпионатында қола медаль иеленді

Токиода Киокушинкай-кан каратэден әлем чемпионаты өтті. Онда Ұлттық ғылыми медициналық орталығының уролог-андрологы Еркебұлан Ермағанбетов қола медаль иеленді.
Әлемнің 40 елінен келген 700 ден аса спортшы татамиде өз шеберліктерін көрсетіп, тартысты бәсекеге түсті. Бұл дода – төзім, техника және мінез сыналатын алаң.
Еркебұлан Мешітбайұлы күнделікті жұмысынан бөлек жаттығуға да уақыт табады. Соның арқасында жеңіске жеттім дейді.
Спорттық жетістіктерімен бірге, дәрігер Еркебұлан Мешітбайұлы — урология және андрология саласында тәжірибесі мол, білікті маман.



