Спорт

«Қайрат» — «Олимпиакос»: бүгінгі матчты қайдан көреміз?

Бүгін футбол жанкүйерлерінің назары Астанаға ауады. «Астана Аренада» алматылық «Қайрат» Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңіндегі алтыншы тур аясында гректің «Олимпиакос» клубын қабылдайды. Матч 20:30-де басталады. Тікелей эфирді «Qazaqstan» телеарнасы онлайн трансляциямен көрсетеді. 

«Қайраттың» қазіргі жағдайы: 

Алматылық команда әзірге бір ғана ұпай жинады — ол Кипрдің «Пафосымен» болған 0:0 есебіндегі кездесуде алынған. Қалған ойындарда«Қайрат» мықты клубтарға жол берді:
• «Спортингке» — 1:4
• «Реалға» — 0:5
• «Интерге» — 1:2
• «Копенгагенге» — 2:3 

Соған қарамастан, команда рухын түсірмей, соңғы турда өз алаңында жақсы ойын көрсетуге дайындалып отыр. Бас бапкер Рафаэль Уразбахтин де матч алдындағы баспасөз мәслихатында ойыншылардың жігерлі екенін атап өтті. 

«Олимпиакостың» көрсеткіші: 

Грекиялық клуб бес матчтың қорытындысында екі ұпай иеленген. Олар «Пафоспен» (0:0) және нидерландтық ПСВ-мен (1:1) тең түскен. Ал үш кездесуде жеңілді:
• «Арсеналға» — 0:2
• «Барселонаға» — 1:6
• «Реалға» — 3:4 

Жалпы кезең екі клуб үшін де оңай өткен жоқ. Сондықтан бүгінгі ойын — абырой үшін айқасатын, жанкүйерге эмоция сыйлайтын кездесу болатыны анық. 

Астана жанкүйерлеріне қолайлы жағдай жасалды: 

Бүгінгі матчқа байланысты Астана қаласының әкімдігі стадионға қатынауды жеңілдету үшін арнайы автобустар шығаруды жоспарлап отыр. Бұл – жанкүйерлерге үлкен қолдау. 

Бүгінгі «Қайрат» — «Олимпиакос» ойыны екі команда үшін де маңызын жоғалтпаған шешуші бәсеке. Жанкүйерлер стадионға немесе телеарна алдындағы орындарына жайғасып, қазақстандық клубқа қолдау білдіре алады. 

Ендеше, кешкі футбол мерекесін бірге тамашалайық! 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button