Спорт

«Қайрат» — «Олимпиакос»: жанкүйерлер стадионға шаттлмен жете алады 

Астана қаласының әкімдігі 9 желтоқсанда өтетін «Қайрат» — «Олимпиакос» Чемпиондар лигасы матчы үшін арнайы автобустар (шаттлдар) іске қосатынын хабарлады. Ойын 20:30-да «Астана Аренада» өтеді. 

Шаттлдар қозғалысы 18:00-де басталады, ал жанкүйерлерге 17:30-ға дейін келіп, дайын болу керек. Барлығы 25 автобус екі бағытта қатынайды. 

Шаттлдарға мына тұрақтардан міне аласыз: 

  • «Столичный цирк» тұрақ аймағы
    • «Хазрет Сұлтан» мешітінің тұрақ алаңы
    • «Қазақстан» СК тұрақ аймағы
    • Орталық парк тұрақ аймағы
    • «Бас Мешіт» тұрақ алаңы 

Полиция қоғамдық тәртіпті сақтау үшін 2800 қызметкерді тартады. Қаланың негізгі көшелері — Қабанбай батыр және Тұран даңғылдары жабылмайды. 

Билет туралы ақпарат 

Ойынға билеттер сатылымда. Бағасы 15 мыңнан 50 мың теңгеге дейін.
Билеттер тек Freedom SuperApp және Qairat SuperApp арқылы сатылады.
Бір адамға — 2 билеттен артық алуға болмайды.
Сатып алушы ИИН, телефон нөмірі және e-mail енгізуі тиіс.
QR-билет сілтемесі матч күні электронды поштаға жіберіледі. 

Клуб жанкүйерлерді тек ресми сервистерден билет алуға шақырады. Үшінші тұлғалардан сатып алудан аулақ болыңыз: билеттен айырылып, стадионға кіре алмауыңыз мүмкін. 

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button