Қазақстандық жас хоккейшілер Францияны 14:6 есебімен тас-талқан етті

Словенияда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы хоккейден IA дивизионының әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы керемет ойын көрсетіп, Францияны ірі есеппен – 14:6 ұтты. Бұл редакциямызға бүгін келіп жеткен ең жақсы жаңалықтардың бірі. Антон Васин жаттықтыратын құрама осы жеңістен кейін турнир кестесінде жоғарылады.
Матч біздің хоккейшілер үшін оңай басталған жоқ. Алғашқы кезеңде Франция Антонин Фин мен Натан Риюдың шайбалары арқылы 2:0 есебімен алға шықты. Қазақстан сапынан тек Виталий Божко ғана жауап қайтара алды.
Осыған дейін Васин шәкірттері:
– Украинаға овертаймда 1:2 есебімен есе жіберген;
– Словенияны буллит сериясында 5:4 нәтижесімен жеңген еді.
Бүгін, 11 желтоқсанда, Қазақстан Норвегиямен кездеседі.
Ал 13 желтоқсанда құрамамыз Аустриямен соңғы ойынын өткізеді.
Қазір Қазақстан құрамасында 6 ұпай, олар турнир кестесінде екінші орында.
Ал 8 ұпай жинаған Норвегия көш бастап тұр.
Бұл дивизионнан элитаға тек бір ғана команда жолдама алады.



