Дәрігерден кеңес алу — 1000 теңге: Қазақстандықтар жаңа платформа ойлап тапты

Қазақстанда онлайн-медицина сервистеріне қызығушылық жыл сайын өсіп келеді. Соның айқын мысалы — Metaclinic.kz цифрлық медициналық платформасы. Жобаны кәсіпкер Нұрали Исмағұлов серіктесімен бірге 1,5 жылдан бері дамытып келеді.
2025 жылдың жазында стартап $150 мың инвестиция тартып, жобаның бағалануы $2 млн-ды құрады. Metaclinic.kz — бұл дәрігер қабылдауы тікелей телефон арқылы өтетін онлайн-клиника.
Платформа қалай жұмыс істейді?
Пайдаланушы сайтқа кіріп, өзіне қажетті дәрігерді таңдайды. Егер нақты қандай маман керегін білмесе, терапевтке жүгіне алады.
Қызмет қолжетімді болуы үшін дежурный терапевт немесе педиатрдың 15 минуттық консультациясы — 1000 теңге деп белгіленген.
Дәрігерлер көбіне 10 минут ішінде байланысқа шығады. Ал стандартты онлайн-қабылдау құны маманның біліктілігіне қарай 5–10 мың теңге аралығында. Қабылдаудан кейін дәрігер ресми медициналық қорытынды жолдай алады.
Негізгі ерекшелігі — заңдылық пен сапа.
Metaclinic платформасында тек сертификаты бар дәрігерлер ғана жұмыс істейді. Олар лицензияланған клиникалармен келісімшарт негізінде қызмет көрсетеді. Фрилансер-дәрігерлермен жұмыс істелмейді.
Әрбір маманның дипломы мен сертификаты E-license порталы арқылы тексеріледі, кейін арнайы оқытудан өтіп, тестілік қоңыраулардан соң ғана пациенттерге шығарылады.
Платформада жеке және корпоративтік жазылым жүйесі іске қосылған.
Мысалы, айына 12 000 теңгелік стандарт пакет 1 ересек пен 1 балаға:
• дежурный дәрігерлерге шексіз қолжетімділік,
• 1 бейінді маман консультациясын қамтиды.
Корпоративтік тарифтерді жұмыс берушілер төлей алады. Бұл — қашықтан немесе вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлер үшін медициналық сақтандыруға балама шешім.
Кімдер жиі жүгінеді?
Негізгі клиенттер — қала тұрғындары, әсіресе:
• уақыты тапшы адамдар,
• жас балалы аналар,
• офлайн қабылдаудан кейін кеңес нақтылау қажет пациенттер.
Ең көп сұранысқа ие мамандар — терапевттер мен педиатрлар.
Қазіргі таңда платформада:
• 370-ке жуық дәрігер тіркелген,
• күн сайын 100–150 дәрігер белсенді жұмыс істейді,
• сервисті 3 мыңнан астам пациент пайдаланған.
Компания қазір саннан гөрі сапа мен ұстап қалу көрсеткіштеріне (LTV) басымдық беріп отыр.
Metaclinic алдағы уақытта дәрігерлердің клиникалық шешімдерін жасанды интеллект арқылы бақылауды жоспарлап отыр. ЖИ ұлттық клиникалық хаттамалар мен халықаралық ұсынымдар негізінде дәрігер шешімдерін талдайды.
Жобаның басты ұстанымы өзгермейді: пациентке көрсетілетін медициналық көмектің сапасы — әрдайым бірінші орында.



