Денсаулық
Астанада деменцияның алдын алуға арналған тегін тексеру

5 қаңтар мен 15 ақпан аралығында Астана қаласындағы Республикалық диагностикалық орталықта
60–72 жас аралығындағы адамдарға арналған когнитивтік өзгерістерді ерте анықтау бойынша тегін бағдарлама өтеді.
Жоба «University Medical Center» КҚ Республикалық диагностикалық орталығының базасында, нейрокогнитивтік жағдайларды ерте диагностикалау әдістерін әзірлеумен айналысатын SaccaScan америкалық зерттеу тобымен бірлесіп жүзеге асырылуда.
Республикалық диагностикалық орталықтың мәліметінше, зерттеудің мақсаты —
60 жастан асқан адамдардың есте сақтау, зейін және басқа да когнитивтік функцияларының жағдайын бағалау, сондай-ақ мамандарға деменция қаупін ерте кезеңде анықтауға көмектесетін деректер жинау.
Қатысу тегін — барлық шығынды бірлескен ғылыми жоба аясында SaccaScan зерттеу компаниясы көтереді.
Орын саны шектеулі: барлығы 250 адам қабылданады, содан кейін нәтижелерді талдау үшін тіркеу уақытша тоқтатылады.
Қатысушылар тестілеу нәтижелерін алады.
Компанияның мәліметінше, қатысушыларға екі қысқа тест ұсынылады:
•MoCA (Montreal Cognitive Assessment) — әлем бойынша дәрігерлер қолданатын халықаралық тест;
•SaccaScan — заманауи деректерді талдау әдістеріне негізделген цифрлық тест.
⏱ Зерттеу уақыты: 20–25 минут, невролог-дәрігерлердің қатысуымен.
Жақындарыңызды жаздыру үшін:
WhatsApp: +7 706 630 97 84
Жоба ерте скринингтің қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Мамандардың айтуынша, бұл когнитивтік өзгерістерді дер кезінде байқап, дәрігердің бақылауын немесе қосымша диагностика қажет жағдайларды ерте анықтауға көмектеседі.



