«Қайратты қолда – Тазабекті құшақта»: стадиондағы ерекше сәт

«Астана Арена» стадионында 20 қаңтар күні өткен «Қайрат» пен «Брюгге» командалары арасындағы футбол ойынында жанкүйерлер үшін ерекше тосынсый жасалды. Қала тұрғындарына жақсы таныс Тазабек трибунада пайда болып, көрермендердің көңілін бірден аударды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Танымал кейіпкермен жанкүйерлер суретке және видеоға түсіп, әлеуметтік желілерде белсенді түрде бөлісті. Тазабек «Қайратты қолда – Тазабекті құшақта» деген жазуы бар плакат ұстап, матчтың атмосферасын одан әрі қыздыра түсті.
Оның жарқын бейнесі стадиондағы ересектер мен балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Айта кетейік, Тазабек бұған дейін де түрлі қалалық шараларда көрініп, тазалықты сақтау, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау және қоғамдық орындарда мәдениеттілік қалыптастыру идеяларын тұрақты түрде насихаттап келеді.


