Денсаулық

Астанада қызылша ауруы өршіп тұр

Елордада қызылша ауруын жұқтыру жағдайлары көбейіп отыр. Аурудың негізгі бөлігі балалар арасында тіркелуде. Бұл туралы Астананың бас мемлекеттік санитар дәрігері Айгүл Шағалтаева мәлімдеді.

Астананың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің мәліметіне сүйенсек, қалада жыл басынан бері 384 қызылша жағдайы тіркелген, оның 234-і  лабораториялық түрде расталған.

Мамандардың айтуынша, қызылшаның алдын алудың ең тиімді жолы – вакцинация. ДДСҰ дерегіне сәйкес, инфекцияның таралуын тоқтату үшін халықтың кемінде 95 пайызы екпе алуы қажет.

Қазақстанда қызылшаға қарсы вакцинация 12 айлық және 6 жаста жүргізіледі. Қазіргі уақытта Астана емханаларында жоспарлы екпені өткізіп алған балаларға «қуып жету» вакцинациясы жасалуда.

Дәрігерлер ата-аналарды балаларын уақытылы екпеден өткізуге шақырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button