«Иммунитетті түсіретін суық емес, қоғалыстың аздығы»
Суық ауа райы иммунитетті әлсіретпейді. Оны әлсірететін нәрсе – қозғалыстың аздығы.

Көптеген зерттеулер көрсеткендей, қыс мезгілінде далада серуендеу жоғарғы тыныс жолдарының инфекцияларының қаупін едәуір төмендетеді.
British Journal of Sports Medicine журналында жарияланған ірі зерттеу, сондай-ақ Medicine & Science in Sports & Exercise журналында жарық көрген бұрынғы зерттеулер көрсетті: аптасына кемі 2-3 күн 20–30 минут серуендеген адамға қарағанда қозғалысы аз ересектерге қ 30–50% көбірек ауырған.
Неліктен суықта серуендеу пайдалы:
-
Орташа физикалық жүктеме иммундық жасушалардың айналымын жылдамдатады.
-
Созылмалы қабыну деңгейі төмендейді.
-
Стрессті гормондардың (иммунитетті тежейтін) деңгейі азаяды.
-
Ұйқы жақсарады, бұл тікелей ағзаның қорғаныс күшін күшейтеді.
Сондықтан ауа-райы суық деп қыс бойы үйден шықпай отыруға болмайды. Өйткені сіздің иммундық жүйеңіз қозғалыс үшін жасалған.



