Денсаулық

Нипах вирусы: шекарадағы бақылау күшейтілді

Елімізде Нипах вирусы тіркелген жоқ, елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты және бақылауда. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министірлігі мәлімдеді.

Қандай шаралар қабылданды?

  • Мемлекеттік шекарадағы барлық өткізу пункттерінде санитариялық бақылау күшейтілді.

  • Әсіресе Үндістаннан және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келген адамдарға ерекше назар аударылады.

  • Медициналық ұйымдар толық дайындыққа келтірілді, қажетті дәрі-дәрмек пен қорғаныш құралдарының қоры бар.

Азаматтарға ұсыныс:

  • Эндемиялық елдерге баруды жоспарласаңыз, жеке гигиена мен сақтық шараларын сақтаңыз.

  • Елге оралғаннан кейін дене қызуы көтерілсе, бас ауырып, әлсіздік байқалса, дәрігерге барып, қай елде болғаныңызды міндетті түрде айтыңыз.

Нипах вирусы деген не?

  • Бұл – жануарлардан адамға жұғатын инфекция.

  • Жұғу жолдары: жарқанаттар мен шошқалардан, науқас адаммен жақын байланыста, ластанған тағам мен су арқылы.

  • Белгілері: жоғары температура, бас ауруы, әлсіздік, ауыр жағдайда – ми мен өкпенің зақымдануы.

  • Арнайы емі мен вакцинасы жоқ, емдеу – тек симптоматикалық түрде жүргізіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button