Денсаулық

«Балқаш» шипажайына жолдама алу басталды

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы Қарағанды облысының Приозерск қаласында орналасқан «Балқаш» емдеу-сауықтыру кешеніне жолдама алу үшін тіркеу басталғанын хабарлайды.

Шипажайға жолдамалар төмендегі санаттағы азаматтарға беріледі:

  • Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

  • Басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери қақтығыстардың ардагерлері;

  • Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

  • 1986 жылғы 17–18 желтоқсан оқиғаларының қатысушылары;

  • Жасы бойынша зейнеткерлер
    (мүгедектігі бар тұлғалардан басқа, себебі олар үшін жеке оңалту және абилитация бағдарламасына сәйкес санаторлық-курорттық емдеу қызметтері көзделген).

Қалай жазылуға болады?

Жазылу электрондық форматта http://birge.astana.kz сайты арқылы электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП) көмегімен жүзеге асырылады. Қызметті үйден шықпай-ақ, өз бетінше алуға болады.

Шипажайға жазылу жоспарланған айға екі ай қалғанда, алғашқы жұмыс күні сағат 08:00-де ашылады.

Мысалы:

  • наурыз айына — 2026 жылдың қаңтарында;

  • сәуір айына — 2026 жылдың 2 ақпанында;

  • мамыр айына — 2026 жылдың 2 наурызында;

  • маусым айына — 2026 жылдың 1 сәуірінде және т.б.

 Егер тіркелген азаматтардың бірі жолдамадан бас тартқан жағдайда, бос орындар сайтта автоматты түрде көрсетіледі.

Құжаттарды тапсыру тәртібі

Тіркелгеннен кейін шипажайға баруға 10–15 күн қалғанда келесі құжаттармен
Бейбітшілік көшесі, №9 үй, 102 кабинетке жолдама алуға келу қажет:

  1. Санаторлық-курорттық карта (терапевт) және көшірмесі;

  2. Жеке куәлік;

  3. Сенімхат (қажет болған жағдайда) және заңды өкілдің жеке куәлігінің көшірмесі.

Қосымша кеңес алу

Қызметке қатысты кеңес алу үшін «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығына жүгінуге болады.
Мекенжайы: Бейбітшілік көшесі, 14 үй.
Жұмыс уақыты: 09:00–18:00,
түскі үзіліс — 13:00–14:00.

Маңызды ақпарат

2023 жылғы 3 қазандағы №84/10-VIII Астана қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес,
2024 жылдың қаңтарынан бастап зейнеткерлерге санаторлық-курорттық емдеу құқығы екі жылда бір рет беріледі.

  • зейнеткерлерге жолдама құнының тек 20% төлейді

  • минималды зейнетақы алушыларға жолдама құнының тек 15% төлейді

Басқа жаңалықтар

Back to top button