Қоғам
Енді 18-27 жастағы ерлерге бірқатар құжат алу үшін әскери анықтама қажет

2026 жылғы 9 қаңтарда қабылданған №5 Жарлыққа сәйкес, әкімшілік рәсімдер тізбесіне өзгерістер енгізілді. Енді 18 бен 27 жас аралығындағы ер азаматтар бірқатар маңызды құжаттарды рәсімдеу үшін әскери міндетін өтеуге қатысы туралы анықтама ұсынуға міндетті.
Аталған анықтама әскери комиссариаттан немесе мемлекеттік қауіпсіздік органдарынан беріледі.
Анықтама келесі жағдайларда талап етіледі:
•жеке куәлікті алу, оның ішінде жоғалған немесе ұрланған ID-картаның орнына жаңасын рәсімдеу кезінде;
•ескі үлгідегі паспортты немесе ID-картаны ауыстыру барысында;
•биометриялық паспортты алу немесе ауыстыру кезінде;
•механикалық көлік құралын басқару құқығына арналған жүргізуші куәлігін алу немесе ауыстыруда;
•жүргізуші куәлігінен айырылу мерзімі аяқталғаннан кейін көлік жүргізу құқығын қалпына келтіру және куәлікті қайтарып алу кезінде;
•азаматтық қаруды сатып алуға, сақтау мен алып жүруге рұқсат алу, сондай-ақ бұл рұқсаттардың қолданылу мерзімін ұзарту барысында.
🔹 Маңызды: аталған анықтамасыз жоғарыда көрсетілген құжаттарды рәсімдеу мүмкін болмайды.
🔹 Анықтама тегін беріледі және оны алу мерзімі — 1 жұмыс күні.



