Денсаулық

Көктайғаққа байланысты травматологиялық пунктер күшейтілген режимде жұмыс істейді

Астанадағы барлық травматологиялық пункттер мен емханалар жанындағы шұғыл медициналық көмек бөлімшелері ауа райының қолайсыздығына байланысты күшейтілген режимде қызмет көрсетіп жатыр.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары қала тұрғындарын барынша сақ болуға шақырады. «Мүмкіндігінше өкшесіз, таймайтын аяқ киім кию өте маңызды. Әсіресе балалар мен егде жастағы адамдарға үйден шықпаған жөн», – делінген хабарламада.

Егер жарақат алған жағдайда, медициналық көмек көрсету пунктеріне дереу жүгіну қажет. Қаладағы барлық травматологиялық пункт тәулік бойы ашық, ал 103 жедел жәрдем қызметі штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Медициналық ұйымдар пациенттер мен жедел жәрдем көліктерінің қауіпсіз әрі кедергісіз қозғалуын қамтамасыз ету үшін көктайғақтың алдын алу шараларын ұйымдастырған.

Ересектерге арналған травматологиялық пунктер:

  • Р.Қошқарбаев даңғылы, 66 (№1 көпбейінді қалалық аурухана)

  • Ә.Молдағұлова көшесі, 26Б (№3 көпбейінді қалалық аурухана)

  • Абылай хан даңғылы, 15а (Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы)

Балаларға арналған травматологиялық пунктер:

  • Р.Қошқарбаев даңғылы, 64 (№2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы)

  • Желтоқсан көшесі, 34 (№2 қалалық емхана)

Қала тұрғындарына сақтық танытып, ауа райына сәйкес киім мен аяқ киім таңдауды ұсынған жөн.

Басқа жаңалықтар

Back to top button