Денсаулық

Ақпан – қан тапсыру айы: донорларға арналған маңызды ережелер

2 ақпанда Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ақпан айын ресми түрде қан тапсыру айы деп жариялады.

Қан тапсыру – көптеген адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін маңызды іс. Алайда донордың өзі де, реципиент те қауіпсіз болуы үшін белгілі бір ережелерді сақтау қажет.

Донор болуға қойылатын негізгі талаптар

  • Жасы 18 жастан кем болмауы тиіс

  • Жеке куәлік міндетті түрде өзіңізбен бірге болуы керек

 Қан тапсыруға уақытша болмайтын жағдайлар

  • Тұмау, ЖРВИ, дене қызуының көтерілуі

  • Антибиотик қабылдағаннан кейін – 14 күн

  • Тіс жұлдырғаннан кейін – 10 күн

  • Татуировка немесе пирсинг жасатқаннан кейін – 4 ай

 Қан тапсырар алдындағы дайындық

  • 72 сағат бұрын: аспирин және анальгетик сияқты дәрі-дәрмектерді ішпеңіз

  • 48 сағат бұрын: алкоголь тұтынбаңыз

  • 24 сағат бұрын: майлы, ащы, ысталған тағамдардан, сүт өнімдері мен жұмыртқадан бас тартыңыз

  • Таңертең: жеңіл таңғы ас (суға піскен ботқа, тәтті шай, құрғақ печенье)

  • 2 сағат бұрын: шылым шекпеңіз

  • 5–10 минут бұрын: тәтті шай ішіңіз

Қан тапсырғаннан кейін

  • 5–10 минут: отырып демалыңыз, бас айналса медицина қызметкеріне хабарлаңыз

  • 2 сағат: шылым шекпеңіз

  • 3–4 сағат: таңғышты шешпеңіз, су тигізбеңіз

  • 24 сағат: ауыр физикалық жүктеме мен алкогольден аулақ болыңыз

  • 48 сағат: дұрыс тамақтанып, көп сұйықтық ішіңіз

  • 14 күн: вакцина салдырмаңыз

  • 2–3 айдан кейін: қайтадан қан тапсыруға болады

Астана қаласы бойынша қан тапсыру орындары

  • Керей Жәнібек хандар көшесі, 10
     күн сайын 08:00–17:00

  • Ә. Молдағұлова көшесі, 33 
    жұмыс күндері 08:00–17:00

Басқа жаңалықтар

Back to top button