Астанада жасанды интеллектке арналған мектеп директорларының алғашқы республикалық форумы өтеді

2026 жылғы 18 ақпанда Астана қаласында AI91: «Жасанды интеллект бар әлемдегі менеджмент және оқыту» атты мектеп директорларының Бірінші Республикалық форумы ұйымдастырылады.
AI91 – мектеп басшылары мен білім беру саласының сарапшыларына арналған кәсіби диалог алаңы. Форум аясында жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне енгізу, басқару үдерістерін цифрландыру, сондай-ақ оқыту сапасын арттыру тетіктері талқыланады. Іс-шараға еліміздің өңірлерінен 150-ден астам қатысушы және 10-нан астам қазақстандық әрі халықаралық спикер қатысады деп жоспарланған.
Форумды Amansultan білім беру платформасы №91 мектеп-гимназиясымен бірлесіп, Астана қаласының Білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырып отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл алаң білім беру саласындағы басқарушыларға тәжірибе алмасуға, жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін талқылауға және тиімді шешімдер ұсынуға мүмкіндік береді.
Іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, журналистер және кәсіби білім беру қауымдастығы шақырылады.
8 776 330 11 25 нөмірі арқылы Айна Оспановаға хабарласуға болады.



