Білім

Астанада 3000-нан астам әзірлеуші қатысатын ең ірі мультилокациялық хакатон өтеді

Astana Hub пен Blockchain & AI Technology Center (BAITC) Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен елдегі ең ірі мультилокациялық хакатон — Decentrathon 5.0-ді өткізеді. Ауқымды IT-жоба 2026 жылғы 27 наурыз бен 5 сәуір аралығында Қазақстанның 20 қаласында бір мезгілде өтеді.

Хакатонның ашылуы 27 наурыз күні Шымкент қаласында өтетін Digital Qazaqstan ұлттық технологиялық форумы аясында ұйымдастырылады.

Биылғы маусымға 3000-нан астам әзірлеуші мен 1500 команда қатысады деп күтілуде. Қатысушылар AI және Blockchain бағыттары бойынша инновациялық шешімдер әзірлейді. Жоба Жаслан Мәдиев атап өткендей, өңірлердегі технологиялық қауымдастықты біріктіріп, жасанды интеллект саласындағы ұлттық сараптаманы күшейтуге бағытталған.

Decentrathon 5.0 Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында өтіп, отандық цифрлық өнімдерді дамытуға және жаңа буын IT-мамандарын қалыптастыруға серпін береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button