Nazarbayev University қабырғасында INMET институты ашылады
Nazarbayev University жаңа зерттеу құрылымы – Жаңа материалдар және энергия технологиялары институтының (INMET) ресми ашылу салтанатына шақырады. Іс-шара 2026 жылғы 27 ақпанда өтеді.
Салтанатты жиынға университет басшылығы мен Ақылбек Күрішбаев – ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті қатысады.
INMET құрамында жеті зертхана мен ғылыми орталық жұмыс істейді. Институт энергия сақтау және цифрлық энергетикалық жүйелер, ядролық және сутек энергетикасы бағыттарында жаңа технологиялық шешімдер әзірлейтін жетекші ғалымдарды біріктіреді. Сонымен қатар INMET Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мақсатына ғылыми қолдау көрсетіп, ұлттық энергетикалық жобаларға сараптамалық кеңес беруді көздейді.
Күні: 27 ақпан 2026 жыл
Уақыты: 14:00
Өтетін орны: Астана қаласы, NU кампусы, Қабанбай батыр даңғылы 53, C3 блогы, Қызыл зал
Барлық қызығушылық танытқан қонақтарды аталған маңызды ғылыми оқиғаға қатысуға шақырамыз.



