Білім

PARAQTA: 43 бет кітап оқып, 100 мың теңге ұтып ал!

PARAQTA оқырмандарды жаңа форматтағы 3 күндік кітап оқу марафонына шақырады. Қатысушылар кітапты түсініп оқып, арнайы quiz тапсырып, жүлде ұтып ала алады.

Бұл жолы марафонға Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» шығармасы таңдалды. Көлемі небәрі 43 бет болғанымен, мазмұны терең, ой салатын туынды.

Марафон 3 наурызда басталады. Қатысу құны – 1000 теңге. Үш күн ішінде кітапты оқып бітіру керек, ал 5 наурыз сағат 22:00-де quiz өтеді. Тест бот арқылы автоматты түрде ұйымдастырылады, яғни нәтиже әділ жүйе бойынша анықталады.

Quiz 15 сұрақтан тұрады. Әр сұраққа 20 секунд уақыт беріледі. Қорытынды ұпай саны мен жауап беру жылдамдығына қарай шығарылады.

Жалпы жүлде қоры – 100 000 теңге және 10 кітап.
1-орын – 40 000 теңге,
2-орын – 25 000 теңге,
3-орын – 15 000 теңге.
Сондай-ақ random арқылы екі қатысушы 10 000 теңгеден ұтып алады. 4–10 орын иегерлері және random жеңімпаздары кітаптармен марапатталады.

Марафон демеушілері – Foliant, Master Coffee және Ернар Мұхитұлы.

Қатысу үшін paraqtabot-қа тіркеліп, мәзірдегі «Барлық жазылымдар» бөлімінен «3 күндік марафонды» таңдау қажет. Чатқа қосылып, белгіленген уақытта quiz-ға қатысасыз.

Қатысушылар демеушілердің Instagram парақшаларына жазылуы тиіс.

Басталуы – 3 наурыз. Қосылу сілтемесі: paraqta bot.

Басқа жаңалықтар

Back to top button