Денсаулық
Референдум күні 585 сәби дүниеге келді

15 наурызда өткен республикалық референдум күні Қазақстандағы перзентханаларда 585 сәби дүниеге келді. Бұл туралы Astanalife.kz сайты Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
Жаңа туған нәрестелердің 310-ы – ұл, 275-і – қыз. Сонымен қатар Ақтөбе және Түркістан облыстарында екі егіз дүниеге келген.
«Еліміздің барлық өңірінде медицина қызметкерлері аналар мен жаңа туған нәрестелерге уақтылы әрі сапалы медициналық көмек көрсетіп, жоғары кәсібилік пен жауапкершіліктің үлгісін танытты», – делінген ведомство хабарламасында.
Еске сала кетейік, референдум қорытындысы бойынша, Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама деректеріне сәйкес, дауыс берушілердің 86,7 пайызы жаңа Конституцияны қабылдауды қолдаған.



