ДенсаулықЭкономика

Пост жаз да — кэшбек ала бер: Ақша табатын лента

Әр балыңызды ақшаға айналдыра аласыз

Freedom Lenta деп аталады, ол тікелей SuperApp ішінде орналасқан. Мұнда пост жазып, лайк жинау арқылы балл аласыз, кейін оны кешбэкке айналдыруға болады. Мысалы:
– сатып алған затқа пікір қалдырсаңыз – 100 балл
– картаға жаңа орын қоссаңыз – 500 балл
– әр лайк үшін – 1 балл

Бұл жаңалықтар өткен бейсенбіде өткен Freedom Inside іс-шарасында таныстырылды. Сонымен қатар тағы бірнеше жаңарту айтылды:

• Freedom Bank BI Group-пен бірге жылдық мөлшерлемесі 5%-дан басталатын жеңілдетілген ипотека іске қоспақ. Бастапқы жарна – 30–50%. Барлығы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы жүзеге асады, ипотеканы 24 сағатта рәсімдеуге болады.

• SuperApp арқылы дәрігерге онлайн жазылу және тегін дәрі-дәрмек алу мүмкіндігі пайда болады. Қай дәріханада қажетті дәрі бар екенін көріп, оны QR-код арқылы алуға болады. Бұл жоба Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп іске асырылады.

• Клиенттер енді тек банк емес, серіктес компаниялардан да кешбэк ала алады. Олардың қатарында Меломан-MARWIN, Europharma, Tary, Sandyq бар. Қосымша кешбэк – 3%.

• Қазақстан Темір Жолы қызметкерлері алғаш болып арнайы дизайндағы карталарды алады. Олар теміржол билеттерін сатып алғанда 20%-ға дейін кешбэк ала алады.

• Жаңа карта дизайндарын да таңдау мүмкіндігі бар: Лионель Месси, Темірлан Анарбеков және жақын арада Harry Potter әлемі бойынша дизайндар қосылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button