⚡️
Соңғы уақытта коммуналдық қызметтерді төлеу кезінде жоғары бонус пен кешбэк алуға мүмкіндік беретін ұсыныстар көбейді. Қай банк қанша бонус беретінін қарастырайық.
1. Freedom Bank
Әлеуметтік карта арқылы 15% кешбэк алуға болады. Айлық лимит – 10 000 ₸ дейін.
Бұл картаны зейнетақы, жәрдемақы немесе алимент алатын азаматтар аша алады. Карта мақсатты төлем алғаш түскеннен кейін іске қосылады.
Кеңес: қызмет көрсетуші компаниялар тізімі үнемі жаңартылып отырады. Сондықтан төлем жасамас бұрын қажетті компанияның қосымшада бар-жоғын тексеріңіз.
2. ForteBank
Жалақысын осы банктен алатын клиенттер мен Solo картасының иелеріне қараша айында «Коммуналдық қызметтер, интернет және ТВ» санаты бойынша 5% бонус қарастырылған.
Айлық лимит – 20 000 бонусқа дейін, тәулігіне 10 000 бонус шегінде.
3. Банк ЦентрКредит
Жалақысын #bccpay картасына алатын клиенттер коммуналдық төлемдер үшін 10% бонус иелене алады. Үйдегі интернет ақысын төлегенде де 10% бонус қарастырылған.
Айлық лимит – 10 000 бонус.
4. Home Credit Bank
Төрт түрлі карта бойынша жоғары бонус ұсынылады:
- Arna картасы: 5% бонус. Бір транзакцияға шектеу жоқ, айлық лимит – 15 000 бонус.
- Álem және TAU премиум карталары: 5% бонус. Álem картасы бойынша айлық лимит – 50 000, TAU бойынша – 100 000 бонус.
- Home Card Lite: 3–5% бонус. Бір транзакцияға ең көбі 1 000 бонус. Бұл ұсыныс тек қазіргі карта иелеріне қолжетімді.
5. Еуразиялық банк
Жалақысын осы банктің картасына алатын клиенттерге 10% бонус есептеледі. «Интернет және ТВ» санаты бойынша да жоғары бонус алуға болады.
Gold және Автокарта карталары үшін лимит: күніне 10 000, айына 30 000 бонус.
6. Bereke Bank
Ай сайынғы кездейсоқ таңдалатын санаттардың ішінен «B-Bank-тегі төлемдер» санаты түскен клиенттер 5% бонус ала алады.
Үй интернетін төлеу кезінде де жоғары бонус қарастырылған. Айлық лимит шоттағы қалдыққа байланысты және 15 000 бонусқа дейін жетеді.
7. RBK Bank
Банк карталары арқылы коммуналдық қызметтер мен интернет ақысын төлегенде 1,5% кешбэк беріледі.
Айлық лимит – 1 000 ₸.
Маңызды: аталған ұсыныстар банк қосымшаларындағы «Төлемдер» бөлімі арқылы төленген жағдайда қолданылады. Төлем жасамас бұрын әр банктің қолданыстағы шарттары мен лимиттерін тексеріңіз.
Ал сіз коммуналдық төлемдерді қай банк арқылы төлейсіз?



