Cаясат
Астанада үйде және сайлау учаскелерінде дауыс беруге барлық жағдай жасалды
23 тамыз күні Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Астанада денсаулық жағдайына байланысты сайлау учаскесіне өздігінен келе алмайтын тұрғындар үшін үйде дауыс беру мүмкіндігі ұйымдастырылды.

Ол үшін сайлаушының өзі немесе оның жақындары алдын ала тиісті учаскелік сайлау комиссиясына өтініш бере алады. Комиссия мүшелері қажетті құжаттар мен бюллетеньдерді алып, азаматтың тұрғылықты жеріне барады. Бұл ретте дауыс берудің құпиялығы мен сайлаушының өз таңдауын еркін білдіруіне барлық жағдай жасалады.
Сондай-ақ елордадағы сайлау учаскелерінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың кедергісіз дауыс беруіне қажетті жағдай қарастырылған.
Елорда тұрғындары бүгін сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өз сайлау учаскелерінде дауыс бере алады.

