Cаясат
Дауыс беру аяқталды: қанша қазақстандық сайлауға келді
Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру аяқталды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 20:00-дегі жағдай бойынша 9 352 151 сайлаушы бюллетень алған. Бұл сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 74,19%-ын құрайды.

Елдегі барлық сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды. Қазір учаскелік сайлау комиссиялары дауыстарды санауға кірісті. Сайлау заңнамасына сәйкес, дауыстарды санау рәсімі басталған сәттен бастап 12 сағаттан аспауы тиіс.
Сағат 20:00-дегі ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысында — 92,16%, Жетісу облысында — 91,19% және Қызылорда облысында — 90,75% тіркелді.
Астанада сайлаушылардың келуі 51,67%, Алматыда — 43,23%, Шымкентте — 75,42% болды.
Өңірлер бойынша көрсеткіш:
- Абай облысы — 81,41%;
- Ақмола облысы — 82,69%;
- Ақтөбе облысы — 88,30%;
- Алматы облысы — 71,17%;
- Атырау облысы — 70,74%;
- Батыс Қазақстан облысы — 73,38%;
- Жамбыл облысы — 85,18%;
- Жетісу облысы — 91,19%;
- Қарағанды облысы — 76,28%;
- Қостанай облысы — 76,47%;
- Қызылорда облысы — 90,75%;
- Маңғыстау облысы — 71,38%;
- Павлодар облысы — 71,20%;
- Солтүстік Қазақстан облысы — 77,31%;
- Түркістан облысы — 92,16%;
- Ұлытау облысы — 70,72%;
- Шығыс Қазақстан облысы — 87,50%.
Аумақтық сайлау комиссиялары дауыс берудің алдын ала нәтижелері мен дауыстарды санау туралы ақпаратты электронды байланыс арналары арқылы ОСК-ға жолдайды.
Сайлаудың алдын ала қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы арнайы брифингте жариялайды.

