Спорт
Қала әкімі халықаралық жарыстарда жеңіске жеткен спортшыларды марапаттады
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен елордалық спортшылармен және жаттықтырушылармен кездесті.
Кездесу барысында Азия ойындары мен әлем чемпионаттарында жеңіске жеткен және жүлделі орындарға ие болған спортшылар марапатталды.
Қала басшысы спортшылардың жетістіктерін атап өтіп, олардың халықаралық аренада Қазақстанның және елорданың абыройын асқақтатып жүргенін айтты.
Сондай-ақ спортшылар мен жаттықтырушылардың еңбегін қолдау және бұқаралық спортты дамыту мәселелеріне назар аударылды.



