“Суды үнемдеу керек”: DeepBAS жобасы

Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен өткен су ресурстарын басқару саласындағы ірі ғылыми кездесуге қазақстандық және Қытай Халық Республикасының жетекші ғалымдары қатысты.
Кездесудің басты мақсаты – еліміздегі су қауіпсіздігі мәселелерін шешу және су ресурстарын басқарудың жаңа цифрлық моделін қалыптастыру.

Бүгінде Қазақстан су жүйесі бірқатар күрделі мәселелерге тап болып отыр:
- Тянь-Шань аймағындағы мұздықтардың 50%-ға жуығы еріп кеткен
- Су ресурстарының 44,3%-ы трансшекаралық
- Судың тек 42%-ы ғана тұтынушыға жетеді
- 13 мың км-ден астам су арналары толық есепке алынбаған
- Су жоғалту мен айыппұлдар 84%-ға артқан
Осы мәселелерді шешу үшін DeepBAS (Deep Basin Spatiotemporal AI) жобасы ұсынылды. Бұл – жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін интеграцияланған басқару жүйесі.

Жобаның негізгі ерекшелігі – ұлттық цифрлық су жүйесінің “цифрлық егізін” құру. Ол арқылы:
- су ағынын болжау
- құрғақшылық пен тасқындарды модельдеу
- су ресурстарын тиімді бөлу
- ирригация жүйесін жақсарту мүмкін болады
Мамандардың айтуынша, бұл жүйе тек цифрландыру емес, ғылыми негізделген толыққанды интеллектуалды басқару жүйесін қалыптастыруға бағытталған.



