
Жапондық 1-6-4 әдісі: автопилотта өмір сүруді қалай тоқтатуға болады
Қазір біз қатты ақпараттық шу дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Күн сайын бәрін автоматты түрде істеп жүргендейміз де, қайда бара жатқанымызды түсінбей қаламыз. Демалыс та дұрыс болмай көбіне телефон қарап өткіземіз. Келесі күні мүлде демалмағандай сезінеміз.
Өмірді сәл болса да ретке келтіруге көмектескен жүйемен бөліскіміз келеді. Ол – 1-6-4 әдісі: жылына 1 басты оқиға, 6 мини-приключение, 4 жаңа әдет. Барлығын алдын ала жоспарлап, күнтізбеге жазып қою керек.
1 басты оқиға (жылына)
Сізді әрі қорқытатын, әрі шабыттандыратын бір үлкен мақсат таңдаңыз. Марафонға қатысу, өз ісіңізді бастау, бір аптаға жалғыз саяхатқа шығу – жылды анықтайтын нәрсе болсын. Жапондарда «Мисоги» деген ұғым бар — жыл сайын өз шекараңды кеңейтетін үлкен сынақ. Бұл – бүкіл жыл соның айналасында құрылатын негізгі тірек.
6 мини-приключение
Әр екі ай сайын — бір кішкентай оқиға. Саябаққа бару, жаңа қалаға сапар, фестиваль, көптен көрмеген достармен кешкі ас. Демалысты күтудің қажеті жоқ — бір күннің өзі жақсы серпіліс береді. Біз жақында Көлсай көліне отбасылық сапар жоспарлап қойдық.
4 жаңа әдет (тоқсанына)
Әр 3 ай сайын бір жаңа әдет енгіземін. Көбірек су ішу, күніне 10 000 қадам жүру, 10 минут медитация, уақытында ұйықтау. Кішкентай тұрақты әрекеттер — ұзақ мерзімді өзгерістің негізі. Мен өте кеш жатамын (түнгі 2–3-те), енді біртіндеп 1-ге дейін ерте ұйықтауды үйренгім келеді.
Ең басты ереже: жоспарланбаған нәрсе — жоқ нәрсемен тең. Күні белгіленбеген идеялар жай ғана арман болып қала береді.



